Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Талғат Ермегияевтің ісі бойынша басты сот отырысы 4 сәуірге белгіленді

18 Наурыз 2016, 18:32
6
Талғат Ермегияев сот залында. © Тұрар Қазанғапов
Талғат Ермегияев сот залында. © Тұрар Қазанғапов

Талғат Ермегияевтің ісі бойынша басты сот отырысы 4 сәуірге белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңда Астана қаласында алдын ала отырыс өтті, онда судья Әділхан Шайхисламов процесске қатысушы сотталушылармен және олардың адвокаттармен танысты. Сот тыңдауы барысында уақытша ұстау изоляторындағы сотталушылардың адвокаттары соттан оларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады. Сонымен қатар қорғаушылар соттан сот отырыстарының аудиожазбасын жазып алуға рұқсат сұрады. Судья адвокаттардың барлық өтінішін тыңдап болғаннан кейін ақылдасу бөлмесіне кіріп кетті. Кешкі уақытқа таман судья адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмау жөніндегі шешімді шығарды.  

"Астана ЭКСПО" компаниясынан миллиардтаған ақша жымқыру ісі бойынша істе 23 фигурант бар. Процесске қатысушылар көлемі 500 томнан асатын іс материалдарымен танысып шықты. 

Басты фигуранттар: Талғат Ермегияев ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті - "Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену" бойынша айыпталып отыр. "Астана ЭКСПО-2017" экс-төрағасы үйқамақта отыр. Сотта оны екі адвокат қорғайды.


Талғат Ермегияев. Фото: Тұрар Қазанғапов. 


Қажымұрат Үсенов. Фото: Тұрар Қазанғапов.

Қажымұрат Үсенов ("Астана ЭКСПО - 2017" ҰК құрылыс департаментінің бұрынғы жетекшісі) - ҚР Қылмыстық кодексінің 207-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті, 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті. Үсенов үй қамауында отыр.


Суламбек Баркинхоев. Фото: Тұрар Қазанғапов.

Суламбек Баркинхоев ("Астана ЭКСПО-2017" ҰК экс-атқарушы директор) - ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" пункті бойынша айыпталып отыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.

Осыған дейін іске қатысы бар барлық фигуранттың тізімі жария етілген еді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай