24 шілде 2015 12:28

Тамызда Астана әуежайы түнгі уақытта ұшақтарды қабылдамайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайы. © balu-tourism.kz Астана әуежайы. © balu-tourism.kz

Тамыздың 19-25 аралығында Астана әуежайы сағат 22.00-ден 03.00-ге дейін әуе кемелерін ұшырмайды және қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.


Тамыздың 19-25 аралығында Астана әуежайы сағат 22.00-ден 03.00-ге дейін әуе кемелерін ұшырмайды және қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Астана әуежайы жарықты сигнал беру жабдықтарын жөндеу бойынша жоспарлы регламенттік жұмыс жүргізеді.

"Астана әуежайы тамыздың 19-25 аралығында жарықты сигнал беру жабдықтарын жөндеу бойынша жоспарлы регламенттік жұмыс жүргізеді, нақтырақ айтқанда, ұшу-қондыру жолақтарындағы жарықты сигнал беру жабдықтары жөндеуден өтеді. Осыған байланысты, Астана әуежайы сағат 22.00-ден 03.00-ге дейін әуе кемелерін ұшырмайды және қабылдамайды", - делінген хабарламада.

Әуе тасымалдаушыларға көрсетілген мерзімде әуежайдың жабылу себебі жазылған хабарлама таратылды. 

"Әлемдік тәжірибе бойынша, жұмыстың мұндай түрі әуе кәсіпорнына қолайлы уақытта үнемі жүріп тұрады. Әуе компаниялары жүргізілетін жұмыстарға түсініп қарады. Жөндеу жұмыстары қолайсыздық танытып, рейстердің орындалуына кедергі келтірмейді. Әуе компаниялары ұшу кестесіне өзгерістер енгізді. Жаңартылған кестені Астана әуежайының сайтынан www.astanaairport.kz табуға болады", - деді маркетинг бөліміндегілер.

Айта кетейік, Астана әуежайын қайта құруға 60 миллиард теңге бөлінген. Бірінші кезекте жолаушыларды қабылдау әлеуетін кеңейтуге басты күш жұмсалатын болады.

Бүгінгі таңда жолаушылар терминалының әлеуеті 3 миллион адам болса, жаңа терминалдың құрылысы мен қайта құру жұмыстары оны жылына 7 миллион адамға дейін жеткізеді. Сонымен қатар, ұшып-қону жолағы мен рулеж жолдарына қайта құру жұмыстарының ауқымды бөлігі бағытталады.

Әуежайды қайта құру жұмыстары 2016 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған, ал нысан 2017 жылдың басында қолданысқа беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети