Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Тамыздың ортасында күн ыстық болады

01 Тамыз 2014, 12:35
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Тамыз айының ортасында Қазақстанда күн ыстық болады, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Қазгидромет" РМК Ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары департаментінің инженер-синоптигі Гүлдана Дүйсенәлі айтты.

"Тамыздың бірінші және үшінші онкүндігі жаңбырлы әрі салқын болады, ал екінші онкүндік жылы болады. Тамыздың ортасында күн қатты ысиды деуге болады, тұтастай алғанда, тамыз айы жылы болады, еліміздің барлық аумағында ауа райы қалыпты мөлшерге жуықтайды", - дейді Дүйсенәлі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, республиканың батысында нағыз жазғы ауа райы байқалады, айдағы орташа температура нормадан 1 градусқа жоғары болады, ал еліміздің қалған аумағында ауа температурасы нормаға жуықтайды. Қазақстанның солтүстік бөлігінде және Шығыс Қазақстанның, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашынның айлық мөлшері нормаға жуық шамада болады, қалған аумақта жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады.

"Республиканың оңтүстігінде айдың алғашқы онкүндігінде 30-35 градустық ыстық ауа райы әлі де сақталады, қалған аумақтарда атмосфералық таралымның өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы қалыптасады, шақырайған күн найзағайлы жаңбырмен, айтарлықтай салқындықпен алмасып отырады. Екінші онкүндікте жылы антициклонның қалыптасуымен бірге күн жылы болады: солтүстікте, шығыста және орталық аумақтарда күндізгі температура 28-30 градус жылыға, оңтүстікте 35 градусқа дейін, жекелеген аудандарда 40 градус жылыға дейін жоғарылайды", - дейді синоптик.

Дүйсенәлінің айтуынша, айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасының табиғи түрде төмендеуі байқалады. "Салқын ауа массаларының енуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-шығысында түнде температура қатқақ болғанша төмендейді, оңтүстік аймақтарда температура 10-15 градус жылыға дейін құлдырайды", - дейді маман.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай