26 маусым 2018 10:15

Таңғы төрттен бастап дайындалатын - Мектеп директоры 140 балл алған түлек жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күні кеше ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл алған Шиара Құдайбергенова оқып бітірген № 123 мектеп-гимназияның директоры Бағила Әшімбаева түлек жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күні кеше ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл алған Шиара Құдайбергенова оқып бітірген № 123 мектеп-гимназияның директоры Бағила Әшімбаева түлек жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағила Әшімбаеваның айтуынша, Шиара бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқыған. Жастайынан білімге құштар, ізденімпаз болып өскен ол әрдайым мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан. 

"Оныншы сыныпта Шиара қызымыз екі ғана сабақтан төрттік баға алып қалды, бірақ әрдайым білімге құштар болды. Аудандық, қалалық олимпиадаларға қатысып, талай жүлделі орын алған. Дебаттарға да қатысқан, өзі мың бұралып би де билейді. Жүрегі өте кең, иманды, адамгершілігі мол қыз", - дейді мектеп директоры. 

Мұнымен қатар, Шиараның бар ойы сабақта болған, мектеп директоры оның таңғы 4-5-тен тұрып, дайындалатынын айтып отыр. "Түрлі қосымша сабақтарға барды, ҰБТ-ға аса мән беріп дайындалды, мұнда оның дайындығының негізі - қатемен жұмыс істеу болды. Осы қатемен жұмыс істеу әдісі арқылы қызымыз өте жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр", - дейді Әшімбаева. 

ҰБТ-да География мен Математика пәндеріп таңдаған Шиара Астанадағы Назарбаев университетіне немесе Гумилев атындағы университетіне оқуға түскісі келеді екен. 

"Қазақстанның табиғатын, жер қойнауындағы байлығы мен орманын зерттегісі келетін өте ізденімпаз қыз. Отбасы өте қарапайым. Жоғары балды дәл біздің түлектің алуына мектебіміздің тек сапалы білімге бағытталғаны себеп. Бізде жаттанды білім деген жоқ, көбіне баланың логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, сол ойды әрекетінде, тәжірибесінде пайдалануға баса назар аударамыз", - деді Алматы қаласындағы Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының директоры Бағила Әшімбаева.

Еске салайық, кеше, 25 маусымда алматылық түлек Шиара Құдайбергенованың ҰБТ-дан 140 балл алғаны хабарланған еді. Бұл мәліметті білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов растаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети