28 қазан 2018 11:55

Танымал бүркітші қыз Түркістан облысына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©udriintoim.mn ©udriintoim.mn

Түркістан облысында алғаш рет ұлттық ойындарды қайта жаңартатын және өңірге көптеген туристті тартатын халықаралық Safari Shardara фестивалі өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


Түркістан облысында алғаш рет ұлттық ойындарды қайта жаңартатын және өңірге көптеген туристті тартатын халықаралық Safari Shardara фестивалі өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Фестиваль алтын жағажай бойында, Шардара су қоймасында болды. Ұйымдастырушылар келген шетел қонақтары мен жергілікті тұрғындарды түрлі қойылымдармен қуантып, тәтті күймен таңғалдырды. 

Құмды жағажай бойында қазақша күрес, армрестлинг, арқан тарту, волейбол және футбол сынды ойындар ойнатылды. Суда спортшылар желкенді және есуден жарысқа түсті. Ұйымдастырушылар қазіргі таңда ұмытылып кеткен түйе жарыстарын да, қайта жандандырды.

Фестивальдің жарқын нүктесі болып классикалық мотокросс пен джип автокөлігіндегі жарыстар болды. Қатысушылардың арасында әлемдік танымалдылыққа ие болған Моңғолиядан келген этникалық қазақ бүркітші қыз Айшолпан Нұрғаева да болды. 

"Бүгінгі фестиваль қатты ұнады. Менің ойымша мұндай форматтағы сайыстарды ары қарай тұрақты түрде жалғастыра беруі керек. Жеті атам жыртқыш құстарды қолға үйретумен айналысқан. Менде бұл техниканы бағындырып оны сегіз жасымда үйрендім. Ал 10 жасымда әкеммен бірге аң аулаға шығатынмын", - деп әңгімесін бөлісті Айшолпан. 

Мереке соңында Түркістан облысының әкімі Жансеит Түймебаев ұйымдастырушыларға бұл фестивальді жылда өткзіп тұруды және жауапкершілікті өздеріне алуды сұрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети