05 наурыз 2014 16:46

Тарас Шевченконың 200 жылдығы атап өтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©donbass.ua сайтынан алынды Фото ©donbass.ua сайтынан алынды

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада Тарас Шевченконың 200 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайдыTengrinews.kz. ЮНЕСКО аясында ұйымдастырылған кеш Т.Шевченко атындағы "Просвита – Жетісу Украин мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді. Кеш барысында әдеби-музыкалық композициялар, Ұлы Кобзарьдың шығармалары негізінде Украин мәдени орталығы хорының өнері ұсынылады. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қорынан Т.Шевченконың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ашылды. Аталған іс шараға Украин Бас консулы С.А.Вовошко, "Просвита – Жетісу Украин мәдени орталығы" директорының бірінші орынбасары Д.И.Стадничук, белгілі журналист Ғазизбек Тәшімбай, қоғам қайраткері Дүйсембай Накипов, т.б. қатысты. Тарас Григорьевич Шевченко (Грушевский) – Украин ақыны, прозаик, суретші және этнограф, императорлық сурет академиясының академигі. Оның шығармашылығы терең сыршылдығымен, қарапайымдылығымен және поэтикасымен ерекшеленеді. Шевченко өз заманындағы халықтың басындағы ауыртпалықты шығармаларына арқау етіп, әлеуметтік және ұлттық қанаушылық түрлеріне қарсы шыққан адам. Шевченконың көркем суреттері Украин сурет өнерінің реалистік бағытына бастама болды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы тек Украинада ғана емес, Қазақстанда, Ресейде және басқа да елдерде кеңінен аталып өтуде. Тарас Шевченко өмірінің біраз жылын Қазақстанда өткізген. Оның көркем әдеби шығармаларында, көркем суреттерінде қазақ елінің салт-дәстүрлері сипатталып, бейнеленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети