Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Тараз балабақшасындағы "есектің етіне" қатысты дауға нүкте қойылды

08 Сәуір 2015, 13:25
0
Instagram видеосынан алынған скриншот
Instagram видеосынан алынған скриншот

Тараздағы жекеменшік балабақшаға есектің еті әкелінді деген ақпараттан кейін жүргізілген тексерістің қорытындылары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараздың мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы Асқар Түйтебаевтың айтуынша, зерттеу 2015 жылы 7 сәуірде аяқталды. "Біз зертханалық сараптаманың қорытындыларын алдық. "Анет-А" балалақшасына жүргізілген тексерістің нәтижесі бойынша, әкелінген еттің сиырдыкі екені және ірі қара малдың сойылғаны анықталды", - деді Түйтебаев.

Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, мекеме малдың тұтас етін балабақша аумағында бөлудің тәртіп бұзушылық болып есептеле ме, жоқ па, ол туралы түсінік бере алмайды.

"Балабақша аумағында малдың тұтас етін бөлуге қатысты айтатын болсақ, ол біздің құзырет емес. Біз мектепке дейінгі ондай балабақшаларды тексермейміз. Біз істей алатын жалғыз нәрсе - біз ұсыныс ретінде ақпараттық материал дайындап қойдық, онда мұндай өнімді қалай дайындау керегі және қандай жағдайда жіліктеу туралы жазылған, біз оны қала әкімдігіне жолдаймыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде әлеуметтік желілерде Тараздағы жекеменшік балабақшалардың біріне малдың тұтас етін әкеліп, қалай бөлгені туралы видео пайда болды. Пікір қалдырғандар оның есектің еті екенін және бұл оқиғаның "Анета" жекеменшік балабақшасында болып жатқанын жазған. Тараздың прокуроры Бағлан Телеу балабақшада тексеріс жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде балабақшаның директоры Валентина Исабаева видеоның монтаждалғанын және балабақшаға сиыр етінің әкелінгенін растайтын барлық анықтаманың бар екенін мәлімдеді. Кейін әкімдіктегілер видеоны "оптикалық алдау" деп атады.

Сонымен қатар, жануар етінің балабақша аумағында антисанитариялық жағдайда бөлініп жатқанына Қазнеттің қолданушылары наразылықтарын білдірді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай