Тараз орталығында көлікпен сайран салған кортеж жүргізушілері жазаланды

14 Тамыз 2017, 09:47
1
Тараз орталығында көлікпен сайран салған кортеж жүргізушілері жазаланды -

Тараз орталығында көлікпен сайран салған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

Instagram желісіндегі onlinetaraz парақшасында видео таралған соң 9 тамызда полицейлер тексеріс бастады. Видеодағы кадрлардан жастардың көліктің терезесінен шығып, музыкамен шулап келе жатқанын көруге болады.

Полициядағылар бұл видеоның 6 тамызда Абай көшесінде түсірілгенін хабарлады.

"Жергілікті полиция қызметіне осы кортеждің қатысушылары іздеп тауып, оларға әкімшілік жаза қолдану тапсырылды. 10 тамызда кортеждегі бес қатысушының үшеуі анықталды. Қалған екі көліктің қатысушыларын - Toyota (көліктерді видеоға түсіріп келе жатқан көлік) мен Mercedes-Benz G-Wagen (қарсы жолаққа шығып кеткен) жүргізушілері іздестіріліп жатыр", - деді қалалық ІІД өкілдері.

Ұсталған үш жүргізуші жазаланды. Lexus көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы бойынша ("Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") жазаға тартылды. Toyota Highlander көлігінің 19 жастағы жүргізушісіне қатысты екі хаттама толтырылды. Ал BMW-ның 26 жастағы жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабы бойынша ("Маневр жасау қағидаларын бұзу") жазаланды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таразда той кезінде автоматтан оқ атылғаны жайлы хабарланған болатын. 6 тамызда сағат 19:30-да Жедел әрекет ету орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы "Тектұрмас" көпірінде бір топ жас адамдардың үйлену тойы кортежінде жүргенін байқаған. Олардың арасында жүрген екі адам әуеге оқ атқан. 

Облыстық ІІД өкілдері осы кортеж қатысушыларының кейбіреуі 6 тамызда қала орталығында оқ атқандардың ішінде болғанын хабарлады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай