27 қараша 2018 14:12

Тараз сотындағылар Мұхтар Әблязовқа қатысты шыққан үкімге пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағылар Мұхтар Әблязовқа қатысты шыққан үкімге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағылар Мұхтар Әблязовқа қатысты шыққан үкімге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Кенжеғали Кенжебековтің айтуынша, Әблязов сот шақыртуларын еш назарға алған жоқ. Сотталушы сот отырысына бірнеше рет шақырылып, бірақ келген жоқ еді. Оған сот отырысының қашан және қайда өтетіні де хабарланған болатын. Осыған байланысты сот бұл істі оның қатысуынсыз өткізу болады деп шешкен.

Судьяның сөзіне сүйенсек, Әблязовтің кінәлі екені дәлелденді.

"Сот жеткілікті көлемдегі дәлелдер келтірілгендіктен Әблязовтің Тәтішевтің өлімін ұйымдастырудағы кінәсі дәлелденді деген шешімге келді. Сотталған Тоқмәди осыған дейін қылмысты Әблязовпен бірге ұйымдастырғандарын және Әблязовтың оған ақшалай сыйақы мен алдағы уақытта бизнесіне қолдау көрсетуге уәде бергенін айтқан болатын", - деп түсіндірді судья.

Кенжеғали Кенжебеков Әблязовтің Тоқмәдимен келісу арқылы жасаған қылмысының мақсаттары орындалғанын айтып өтті.

"Қорғаушы тараптың сотталушының кінәсі жоқ екені жайлы айтқандары негізсіз болып саналады. Себебі онда Әблязовті ақтап алатын немесе айыптаушы тарап берген дәлелдерді жоққа шығаратын мәліметтер болмады", - дейді Кенжебеков.

Сондай-ақ, судья сотталушыға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді түсіндіріп берді.

"Сотталушының жазасын өтеу мерзімін талқылағанда сот ҚР Қылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, сотталушы Әблязовтің кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін ескерді. Ал 54-бапқа сәйкес, сот оның бұл қылмысты жасағанда ерекше белсенділік танытқанын ескерді. Осының барлығын және қылмыстың қоғамға қаупінің деңгейін назарға ала отырып, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл әділ жаза", - деп түсіндірді судья.

Тәтішевтің өлімі: Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылды


© Tengrinews.kz

"Әблязов қоғамға қауіпті адам болып саналады", - деп айтып өтті Кенжебеков.

Бұдан бөлек судья неліктен Әблязовтің мүлкін тәркілеу туралы шешім шығармағанын айтып берді.

"Қылмыстық қудалау органдарының өкілдері мүлікті тәркілеу туралы атап өтпегендіктен оған мұндай қосымша жаза тағайындалған жоқ. Онымен қоса, Әблязов 2017 жылдың 7 маусымында сотталған болатын. Алматының Әділет департаментіндегілердің мәліметіне қарағанда, Алматы сотындағылардың мүлікті тәркілеу туралы шешімі орындалды", - дейді судья.

"Үкімнің көшірмесі бүгін сот қатысушыларына беріледі, ал сотталушы Әблязовқа ол қолжетімді байланыс құралы арқылы жеткізіледі", - деп қорытындылады судья.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс Таразда қаралған болатын. Барлық сот отырысы Мұхтар Әблязовтің қатысуынсыз өткен еді. Сот 12 қазанда басталды. Осы уақытқа дейін шамамен 60 куәгерден жауап алынды. Сотқа ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев пен сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди де жеткізілген болатын.

ҰҚК экс-басшысы Дүтбаев Әблязовтан түскен ақшасы бар карта туралы айтып берді

Айыптаушы тарап Мұхтар Әблязовті айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға сотталған болатын. Бизнесмен Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұхтар Әблязовтан екі миллион доллар алғанын мойындаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети