02 желтоқсан 2016 12:41

Таразда мас жүргізуші 400 үйді газсыз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 112msk.ru © 112msk.ru

Таразда мас жүргізуші 400 үйді газсыз қалдырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Таразда мас жүргізуші 400 үйді газсыз қалдырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін, 2 желтоқсанда түнгі сағат 03.00 шамасында Тараз қаласының Апатты-диспетчерлік қызметіне төтенше жағдай туралы хабарланды. Онда, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пригородный ауылында Ленин көшесінің бойында орналасқан шкафты пунктіне (ШП) жеңіл көлік соғысқаны хабарланған. Мас күйде болған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болып, көліктің оталдырған кезде автомобильден өрт шыққан. Көлік толығымен жанып кеткен, жүргізуші зардап шеккен жоқ", - "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметіндегілер.

ШП бүлініп, толығымен ауыстыру қажет. Оқиға орнына Апатты газ қызметі, өрт сөндірушілер және жол-патрульдік полиция қызметі келген.

"Апатты жағдай өызметкерлері Ленин көшесінде орналасқан "ҚазПошта" ғимаратына жақын жердегі құбырды қымтап тастады. Келтірілген залал мөлшері есептелініп жатыр. Пригородный ауылында 400-ге жуық үй газсыз қалды. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, бірер сағаттардан соң аяқтайды, - деді компаниядағылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети