Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өзіне қол жұмсамақшы болған қызды аман алып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

2019 жылғы 15 сәуірде сағат 17.00 шамасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісінен "Бокс сарайы" спорт кешенінің жанында Королева көшесі бойында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттан өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түскен.
"Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес оқиға орнына Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің күш пен құралдары жіберілді (19 қызметкер және 5 дана техника, соның ішінде психолог). Оқиға орнына жеке құраммен тартылатын құтқару қалқасы орнатылды", - делінген хабарламада.
№1 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Көпбосынов Азамат 5 қабатты биіктікке өрт сөндіру автосатысымен көтерілді. Ол өз өмірімен тәуекел етіп, суицидтің алдын алып, оның өмірін құтқарды.