06 қыркүйек 2019 10:20

Таразда танкіге қарсы мина табылды: Полицейлер ауданды қоршап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Тараз маңындағы арықта жергілікті тұрғындар танкіге қарсы мина тауып алды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Тараз маңындағы арықта жергілікті тұрғындар танкіге қарсы мина тауып алды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Снаряд сол маңда шөп шауып жүрген жұмысшылардың көзіне түскен. Бірнеше минуттан соң полицейлер ауданды қоршап тастаған. 

"Арықта шөп шауып жүр едім, минаға көзім түсті. Google арқылы оның не екенін білгім келді. Оның қауіпті екенін түсінген соң, полиция шақырдым", - дейді жұмысшы. 

Мина жергілікті тұрғындарды алаңдатып қойды. Саперлер минаның оқуға арналғанын және ескі екенін анықтады. Алайда оның арыққа қалай тап болғаны белгісіз. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, снаряд жақын маңдағы әскери бөлімшелердің бірінен ағып келуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети