05 маусым 2019 20:02

Таразда "Ұлы Дала хикаялары" замануи өнер көрмесі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда "Ұлы Дала хикаялары" деп алататын Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда "Ұлы Дала хикаялары" деп алататын Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеде Алмагуль Менлибаева, Сәуле Сулейменова, Рашид Нурекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам әйгілі суретшінің туындылары қойылған.

"Мұнда әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар қойылған. Шығармалар ұлттық болмысымзды айшықтайтын, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейді", - деді өз сөзінде көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади.

Мақалада көрсетілген "Атқа міну мәдениеті", "Ұлы даладағы ежелгі металлургия", "Алтын адам", "Түркі әлемінің бесігі", "Ұлы Жібек жолы", "Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны" тараулары арқылы қазақ халқының ұлттық тарихында орын алар дүниелер туралы шығармалар сыр шертіп тұр.

Экспозицияда дәстүрлі техникалармен орындалған: мүсін, кескіндеме, графика, сонымен бірге жаңадан енген - инсталляция, обьект, перформанс, видео және медиа-арт бағыттары бар.

Көрменің ашылуына қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова өз сөзінде: "Осындай құнды мұраларымызды асқақтата түсу - бәрімізге ортақ парыз. Ұлы Дала тарихымен танысуға мол мүмкіндік беретін, Қазақстанның заманауи мәдени болмысын бейнелейтін бұл көрмені тамашалауға шақырамын",  - деп атап өтті.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында атап көрсеткендей, ұлттық құндылықтар мен рухани байлық біздің бірегейлігіміздің негізіне айналуы тиіс. Көптеген шет елдерде көрсетілген Қазақстанның заманауи өнер көрмесі алғашқы рет өзінің шығармаларын өңір тұрғындарына паш етіп жүр. Солардың бірі - Тараз өңірі болып отыр. Суретшілердің шығармаларында көшпенділердің құндылықтары мен дала мәдениетін қанық бояумен суреттеу үшін осы саладағы бүкіл әлемнің ең озық, ең шеберлік үрдістерін қолдануға барлық мүмкіндік жасалған", - делінген хабарламада.

Бұл өнер туындыларын қала тұрғындары 1 ай бойы Облыстық драма театрына барып, тамашалай алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети