06 желтоқсан 2019 18:21

Тараздағы төтенше жағдай: Мырзахметовке жауапкершілігі туралы сұрақ қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараздағы мектептердің бірінде болған зорлау ісіне қатысты өзіне жүктелген жауапкершілік туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараздағы мектептердің бірінде болған зорлау ісіне қатысты өзіне жүктелген жауапкершілік туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Журналистер әкімнен болған жағдай үшін өзін жауапты ма деп сұрады. "Иә, сезінемін. Облыс әкімі өңірде бар мәселелердің барлығы үшін жауап беруі керек", - деді Асқар Мырзахметов Нұр-Сұлтанда ОКҚ брифингінде. 

"Өңірдегі мектептерде әжетханалар пайда болады. Өкінішке қарай, сол қайғылы жағдайдан соң осы мәселені шешу мақсатында әкімдік тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айттық. Біз бұл жағдайға дейін сараптама жүргізгенбіз", - деді облыс әкімі. 

Оның айтуынша, облыста 442 мектеп бар. 260 мектепте әжетханалар сыртта орналасқан, яғни білім беру мекемесінің аумағында. 

"Мектептегі әжетханалар мәселесін шешу үшін біз кәріздерді сосын су құбырлары мәселесін көтердік. 108 мектептің ішінде әжетхана орнатуға болады. Басқаларында тек мектепке жанама ретінде салуға болады. Есептер бар, жоспар да бар. Келесі жылдан бастап, біз су және коммуникация бар жерлерді қарастырамыз. Мүмкіндігінше әжетханаларды ғимараттың ішінен салуға тырысамыз", - деді әкім. 

Оның айтуынша, болжаммен әжетхана салуға 640 миллион теңге қажет болады екен. 

"Бұл әзірге алдын ала есеп-қисап. Коммуникация, су жүргізу керек жерлерде баға едәуір өсіп шығады. 640 миллион - бұл тек құрылыс пен ауыстыру үшін қажет. Ең бастысы - кәріз бен құбыр жүргізу. Ауылды жерлерде орталық кәріздер жоқ, сондықтан онда септиктер орнату керек. Былай қарасаңыз жеңіл шаруа секілді, алайда уақыт пен қаражатты талап етеді", - деді Асқар Мырзахметов.

Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12 жастағы қызды зорлап кетті. Жетінші сынып оқушысы география сабағында әжетханаға сұранған. Мектеп ішінде тек бір ғана әжетхана бар. Бірақ онда балалар бармайды. Қыз бала көшеге шығуға мәжбүр болған, сол жерде ол зорланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети