17 сәуір 2014 16:39

Тарихи ескерткіштерді қорғау күні аталып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Досым Зікірия фото ©Досым Зікірия фото

Бүгін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында арнайы шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz cайты "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап. 


Бүгін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында арнайы шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz cайты "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап. 

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайындағы мерекелік шара қорық-мұражай ауласына ағаш көшеттерін отырғызудан басталды. Мұнан кейін мұражайдың "Қазақстан археологиясы" атты 3-экспозициялық залының тұсаукесері болды. Шара барысында құсбегілік өнердің 3 мың жылдық тарихынан хабардар ететін "Қансонардың ежелгі падишасы" атты тарихи-этнографиялық көрме де қонақтар назарына ұсынылды. Сондай-ақ, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі, белгілі суретші-қалпына келтіруші Қырым Қасенханұлы Алтынбеков "Еуразия даласының сақ дәуіріндегі қолбасшы көсемінің бейнесін қайта қалпына келтіру" атты дәріс оқыды.

Қорық-мұражай директоры Гүлмира Райылқызы Мұхтарова белсенді туристік топтар мен журналистерді арнайы дипломмен марапаттады. "Алаш айнасы" басылымы да белсенді әріптестігі үшін мақтау қағазына ие болды.

Қорық-мұражай қызметкерлері болашақта Наурыз мерекесі мен халықаралық ескерткіштерді қорғау күнін бірге өткізуді дәстүрге айналдырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, ЮНЕСКО-ның бастамасымен 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып белгіленген болатын. Содан бері бұл күн халықаралық деңгейде аталып өтіп, осы салада еңбек етіп жүрген сәулетшілер, ғалымдар мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтірушілер, мәдениет саласының қызметкерлері аталмыш мереке арқылы ескерткіштерді сақтауға қоғам назарын аудартып келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети