03 ақпан 2016 11:02

Тасмағамбетов арнайы мақсаттағы жауынгерлердің жасағына кенеттен тексеріс жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты © ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

Иманғали Тасмағамбетов арнайы мақсаттағы жауынгерлердің жасағына кенеттен тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Иманғали Тасмағамбетов арнайы мақсаттағы жауынгерлердің жасағына кенеттен тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 3 ақпанда кенеттен тексеру шеңберінде "Оңтүстік" және "Батыс" өңірлік қолбасшылықтарының арнайы мақсаттағы жасақтары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Дабыл белгісі бойынша әскери қызметшілер жауынгерлік есептопқа сәйкес іс-шараларды орындады. Әскери-көліктік авиация және автомобильдік техника тартыла отырып, жауынгерлік арналым аудандарына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді бір жерден екінші жерге алмастыру жүзеге асырылды.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

"Кенеттен тексерудің басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімін бағалау болып табылады. Бүгінгі таңда жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік әзірлігін айқындаудың пәрменді әрі батымды тәсілі, сондай-ақ әскерлердегі істердің шынайы мән-жайын зерделеудің маңызды үлгісі болып қалуда", - делінген хабарламада. Кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесуі, әр жауынгердің өзінің орағытуын білуі мен шебер орындауы, басқаруды ұйымдастыру, әскер түрлері мен тектері арасындағы өзара іс-әрекет мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети