28 қазан 2016 19:56

Тасмағамбетов пен Байбек "Шымбұлаққа" автобуспен барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет баспасөз қызметінен Сурет баспасөз қызметінен

Иманғали Тасмағамбетов және Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына дейін көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иманғали Тасмағамбетов және Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына дейін көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары мен Алматы әкімі экологиялық көліктің ыңғайлылығын сынап көрді. Универсиада-2017 ұйымдастыру комитеті төрағасының қысқы ойындар нысандарын аралау бойынша жұмыс сапарының шеңберінде осындай жол жүру болды, деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. 

Еске салайық, экологиялық қауіпсіз автобустар "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты арасында 2016 жылдың 17 мамырынан бастап қатынап жатыр.

Автобус 18 отыратын орынға есептелген. Жол талғамайды және тежеуіш жүйесі өте мықты. Қазіргі кезде аталған бағытта төрт автобус жүріп тұрады, күніне орташа 48 рейс жасалып, 864 адам тасымалданады. Қысқы маусым ашылғанда жеті экоавтобус жүретін болады. Бір бағытқа қарай отырып бару құны 200 теңге.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети