30 мамыр 2017 10:58

Тасмағамбетов Ресейде оқып жатқан қазақстандық студенттерге ақыл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ Сыртқы істер министрлігіне қарасты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


РФ Сыртқы істер министрлігіне қарасты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің ашылуында Тасмағамбетов Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жеткен жетістіктері туралы баяндады. Ол елімізде шетелдік оқу орындарында мамандарды даярлауға үлкен көңіл бөлінетінін айтты.

Қазақстандық дипломат Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бір ғана "Болашақ" бағдарламасы аясында 8,5 мыңнан аса маман даярланғанын еске салды. Елші Мемлекет басшысының ғаламдық бастамалары әлемдік аренада халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланатынын жеткізді.

"Сіздер болашақ дипломат ретінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның барлық мемлекеттермен әріптестік, достық және бейбітсүйгіш қарым-қатынастар орнатқанын білесіздер. Бүгінде сендер өмір бойы бір ғана мамандықпен бір жұмыс атқарады деу қиын. Оқу және қайта оқу - бұл жаңа өмірдің талабы, ол өмір бойы жетілуді қажет етеді", - деді қазақстандық Елші.

Атап айтқанда, Иманғали Тасмағамбетов білім алу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде үшінші деңгейде орналасқанын және оның 42 пайызды құрайтындығын дәлел ретінде келтірді.

Сонымен қатар, Елші Қазақстанда жас мамандардың алдында тұрған жаңа мүмкіндіктер туралы айтты. Оның пайымдауынша, Мемлекет басшысы жариялаған Үшінші модернизация білікті мамандарды қажет етеді.

3 сағаттық кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов Ресейде жүрген жастардың көкейінде жүрген сан алуын сауалдарына жауап берді.

"Естеріңізде болсын, әрқайсыңыз еліміздің бөлінбес бір бөлшегісіз! Сіздерге қарап, өзге ел еліміздің, ұлтымыздың қандай екенін танып біледі. Сіздер сапалы білім алып, сол білімдеріңізді еліміздің өсіп-өркендеуіне қосуларыңыз қажет. Еліміздің болашағы сіздерге байланысты. Білімді жастар - болашақ кепілі", - деп түйіндеді өз сөзін Тасмағамбетов.

Айта кетейік, кездесуге Ресейдің 20 жоғары оқу орнында білім алып жатқан жүзден астам студент қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети