Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Тасымалдаушы анықталмай тұрып турларды сатуға тыйым салынуы керек

06 Маусым 2014, 13:33
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі туристік операторларға ұшуға рұқсаты бар әуе тасымалдаушы анықталмай тұрып саяхаттарды сатуға заңмен тыйым салуды ұсынады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев айтты.

"Оператор жоқ компанияны көрсетіп қойып, турларды сатады да, кейін Азаматтық авиация комитетін жолаушылар әуежайда отыр деп бопсалайды, таяқ комитетке тиеді. Біз туристік қызмет саласын ретке келтіруге өкілетті емеспіз. Туристік қызмет саласын жақсарту қажет. Олар тауарды рұқсатсыз сатады. Соның салдарынан олар рұқсат аламыз дегенше, жолаушылар әуежайда отыруға мәжбүр. Біз Туризм комитеті туроператорларға турларды рұқсат алмайынша сатуға тыйым салу туралы ұсыныс енгізсе екен дейміз. Компания әуе тасымалдаушысы нақты анықталмайынша, саяхаттарды сата алмауы керек", - деп мәлімдеді Ластаев.

Еске салайық, Қазақстанның бірнеше қаласында демалысқа аттанбақ болған жолаушылардың сапары көп уақытқа кешіктірілген еді. Өскеменде Түркияға бармақ болған жолаушылар өз рейстерін үш тәуліктен астам уақыт күтті. Ақтөбе, Шымкент, Қостанай қалаларында Анталия бағытындағы "Гульнар тур" чартері ұзақ уақытқа кешікті. Турагенттік бұл оқиғаға қазақстандық Jet Airlines әуе компаниясына ұшуға рұқсат бермеген түрік билігін кінәлайды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай