03 қыркүйек 2018 12:09

Тәтішевтің өлімі: Әблязовқа қатысты тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура өкілдері "БТА банк" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша Мұхтар Әблязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас прокуратура өкілдері "БТА банк" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша Мұхтар Әблязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі өндірістің қорытындысы мен жиналған дәлелдердің негізінде, 2018 жылдың 17 тамызында Әблязовтың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің (1997 жылдың 16 шілдесіндегі) 28-бабының 3-бөлігінің және 96-бабының 2-бөлігінің 2-тармағындағы "ж", "з" пункттеріне квалифицияланған болатын.

Бас прокуратура өкілдері күдікті мен қорғалушының қылмыстық іс материалдарымен таныса алатынын және ол құжаттардың көшірмесін кез келген көлемде алуға болатынын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, күдіктінің тергеу әрекеттеріне қатысты қосымша өтініш бере алатыны және басқа да процессуалдық шешімдерді қабылдай алатыны айтылады.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іспен танысу процесі 2018 жылдың 5 қыркүйегінде Бас прокуратурының Алматыдағы ғимаратында мына мекенжай бойынша өтеді: Бөгенбай батыр көшесі, №145.

Әблязов Тәтішевтің өлімі үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әблязов "Банк ТұранАлем" АҚ экс-төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, ол бұл қылмысты жасау кезінде Мұратхан Тоқмәдимен алдын ала сөз байласқан деген күдік те бар.

Еске сала кетейік, Франция соты 2014 жылдың 9 қаңтарында БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл үкім ресейлік және украин тарапының экстрадиция бойынша салған сұрауларына байланысты шығарылған. Бір аптадан соң Мұхтар Әблязов соттың бұл қаулысымен келіспейтіндігін білдіріп, екі рет жоғары инстанцияға шағымданған.

Сондай-ақ БАҚ беттерінде осыған дейін Қазақстанның Мұхтар Аблязовты отанына қайтарып алуға тырысатындығы бірнеше рет мәлімделген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети