14 желтоқсан 2018 15:12

Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен Сурет Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 12-і көпқабатты тұрғын үй болса, 7-і дәрігерлік амбулатория, 4-і балабақша, 4-і ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі.


Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 12-і көпқабатты тұрғын үй болса, 7-і дәрігерлік амбулатория, 4-і балабақша, 4-і ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі.

Мұның бәрі Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты халыққа Жолдауындағы басым міндеттерді орындау, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негізделген.

Жолдаудың өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасының" бірінші бағыты "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" аясында бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Оған мереке аясында пайлануға берілген 12 көппәтерлі тұрғын үй дәлел бола алады. Оның тоғызы Тараз қаласының Сүлейменов көшесінің соңындағы жаңа №15, екеуі "Бәйтерек" мөлтек аудандарынан берілді. Сондай-ақ, Шу қаласындағы "Жетісу" тұрғын алқабындағы 75 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қайта жөндеуден өтті.

Бүгінде Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 гектар жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы жүруде. Аталған аудандарда "7-20-25" бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, ағымдағы жылы 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылуы жоспарланған. Жалпы, қазіргі кезде Тараз қаласындағы 686 пәтер бағдарлама аясында азаматтарға ұсынылуда.

Айта кетейік, № 15 жаңа мөлтек ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын іскерлік ортаға беру көзделуде.Осыған орай тиісті шаралар атқарылуда. Осылайша тұрғын үй ғимараттарының сыртқы ажарын арттыру жоспарлануда. Жаңа мөлтек ауданның жоспары қайта қаралып, онда алдағы уақытта оқушылар, неке қию, салтанат сарайлары, әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы, қонақ үй, Тәуелсіздік монументі, үлкен сауда-ойын сауық орталығының құрылыстарын жүргізу жоспарда бар.

"7-20-25" кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкінің филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген. Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артқан.

Сонымен қатар Елбасы Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатының баса айтты десек, мереке қарсаңында ашылған 28 нысанның 7-і медициналық мекемелер.

"Әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын", - деген болатын Мемлекет басшысы.

Осы орайда облыс көлемінде халық денсаулығының сапасын арттыру мақсатында ауқымды қолға алынған жұмыстар жүргізілуде. Жекеменшік секторды жұмылдыра отырып, қаржыландыру  мен басқарудың жаңа әдістері қолданылуда. Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша инновациялық әдіс-тәсілдері енгізіліп, жаңа ғимараттар мен нысандардың құрылысы жүргізілді. Тәуелсіздік күні ашылған 7 медициналық нысанның 2-і мемлекеттік, 5-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Олар Байзақ ауданындағы, Көкөзек,  Жуалы ауданындағы Ертай, Қошқарата, Қордай ауданындағы Жаңатұрмыс, Т.Рысқұлов ауданындағы Мамай-қайыңды, Шу ауданындағы Көкқайнар, Бәйдібек ауылдарында орналасқан.

Бұл ашылған медициналық мекемелер арқылы ауылдық  жерлердегі алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі 84 пайызға қамтылады. Жалпы бұған дейін облыста 95 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына ғимарат қажет болатын. Бұл бюджеттік инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырылғанда, оған жалпы  6 567,6 миллион теңге және 7 жыл уақыт керек болатын. Ал, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу арқылы мерзімін 3 жылға, жұмсалатын қаржы көлемі 2 376 миллион теңгеге қысқартылды. Нақтырақ айтқанда 4 жыл уақыт және 4 192 миллион теңге қаржы үнемделіп отыр. Яғни, 95 нысанның 29-ы биыл ашылып үлгерілді. Осы секілді 2019 жылы 40, 2020 жылы 25 нысан бой көтереді деп жоспарланған.

Еліміздің Тәуелсіздік  күніне орай Жамбыл облысында халықтың тұрғын үй мен медициналық мекемелерге деген қолжетімділігін арттыруға арналған бұл нысандардан бөлек, жұртшылықтың әлеуметтік тұрмыс сапасын жақсартуға негізделген мекемелер де ел игілігіне берілді. Атап айтар болсақ,  Жамбыл ауданындағы Тоғызтарау ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылса,  Пригородное және Қордай ауданындағы Ауқатты ауылының сумен қамтасыз ету жүйесі қайта жаңғыртылды. Талас ауданындағы Қызыләуіт ауылының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру, Шу ауданындағы Төле би ауылының кәріз жүйесін қайта жаңғырту шаралары аяқталды. Қордай ауданындағы  100 орындық "Айару", "Айсұлтан", "Сенім Қордай", "Нұрсила" жекеменшік балабақшалар есігін айқара ашты. Бұл облыстағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 98 пайызға жуықтатты. Ал, келер жылы тағы 29 балабақша ашу арқылы, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту көзделіп отыр. 

Бұл ғана емес, облыста биыл ветеринариялық пунктерді типтік үлгідегі ғимаратпен қамту бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылды. Айталық, өткен жылы өңірде небары 22 ветпункт болатын болса, ағымдағы жылы олардың қатары 45-ке артып жалпы саны 71-ге жетті. Бұл да жүйелі жұмыстың нәтижесі екендігі сөзсіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети