21 желтоқсан 2014 23:53

Тәуелсіздікті сақтау үшін бөлінбеу қажет - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші. Фото astanainfo.net Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші. Фото astanainfo.net

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен болған дәстүрлі кездесуде қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлаудың маңызын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен болған дәстүрлі кездесуде қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлаудың маңызын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Назарбаев қазақстандықтарға өз мемлекетінің тарихын білу қажет екенін айтты. "Қазіргідей шекара болмады, о жағы мен бұ жағынан жау шауып жатты. Бірақ біздің ата-бабамыз осы жерді бізге сақтап қала алды. Бізге келген меймандар "мына кең дала қазақтарға қалай жеткен?" деп сұрауы мүмкін. Оларға жауап беруді біз қазақ хандығы тарихын білуден бастауымыз керек. Ұлттық тарихты білу керек. Қазір балалар мен немерелер үнемі компьютердің алдында отырады, кітап оқымайды. Олар тарихты білуі үшін осы мереке қажет. Мысалға, Англияға барсаңыз, олар арғы корольдерінен бастап, тарихтарын айтып бере алады. Түркия, Иран, Ресейде де солай, бәрінің өз тарихы бар. Сондықтан балаларға ата-баба тарихын, олардың біздің жеріміз үшін қалай күрескенін жеткізуіміз керек", - деді ол. 

Назарбаев мемлекет үшін халықтар бірлігінің болуы өте маңызды екенін баса айтты. "Тарихты еске алсақ, жауды халықтың бірлігі мықты болғанда ғана жеңу мүмкін. Тәуелсіздікті сақтау үшін қазақтарға, қазақстандықтарға бөлінбеу қажет", - деді Елбасы.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы тойланатынын мәлімдеген болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети