Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Таяу күндері ауа температурасы қайта жоғарылайды

16 Наурыз 2015, 11:49
0
©o-prirode.com
©o-prirode.com

Алдағы үш күнде жауын-шашын тоқтап, күн жылынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, таяу күндері жауын-шашынды ауа райын антициклон ығыстырады. Сөйтіп, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап қана қоймай, батыс пен оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 18 градусқа дейін жоғарылайды.

"Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстігінен Қазақстан аумағы арқылы өткен атмосфералық фронттар жауын-шашын әкеліп, республиканың басым аймағында қар жауды. Батыс жақтан, бұл фронттардың артынан біртендеп антициклон келе жатыр. Антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтап, күн жылиды. Батыс және оңтүстік облыстарда күндізгі ауа температурасы 10-18 градусқа дейін жоғарылайды. Ал қалған өңірлерде 0 градус шамасында, кей жерлерде 3 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14-16 наурызда қардың жауатыны ескертілген болатын. Сонымен қатар, синоптиктер республиканың батысына жауын-шашынның дүйсенбі күні жететінін хабарлады. "Қардың жаууына қарамастан, күндізгі ауа температурасы тек оңтүстікте ғана емес, солтүстік бөлікте де қолайлы болады деп күтіледі, ол осы кезеңге орташа көпжылдық мәнге жақын және одан жоғары", - деді синоптиктер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай