09 қараша 2015 11:49

Таяу күндері еліміздің ауа райы тосын мінез танытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fakty.ictv.ua © fakty.ictv.ua

Таяу күндері республиканың барлық аумағында қар жауып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 10-12 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.


Таяу күндері республиканың барлық аумағында қар жауып, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 10-12 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавияда қалыптасқан циклондар бірінен кейін бірі Орал мен Батыс Сібір арқылы жылжып барады. Ол циклондармен байланысты фронттар Қазақстанның ауа райына әсер етеді.

"Осыған байланысты алдағы үш тәулікте республиканың барлық аумағында ала бұлтты болып, жаңбыр қарға ұласады. Сонымен қатар, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың айтуына қарағанда, еліміздің солтүстігінде боран соғып, ауа температурасы төмендейді. Алайда 12 қарашаға қарай күннің қайта жылынуы күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети