11 мамыр 2016 16:15

Таяу күндері еліміздің басым бөлігінде күшті жел тұрып, жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Әдетте аз бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райымен байланысты болатын антициклондар биыл кезекті циклонмен шапшаң ығысып жатыр. Міне, осылайша, Қазақстанға жылжып келген антициклон алдағы үш тәулікте кідірместен, өте шапшаң түрде Алтайға өтіп кетеді. Оның орнына Орал аудандарынан жауын-шашынды, күшті желді, кезекті циклон келеді", - деді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, тек оңтүстік облыстарда және шығыста жоғары атмосфералық қысымды өріс кідіріп, жауын-шашынсыз ауа райы басымырақ болады.

Еске салайық, бұған дейін ТЖК еліміздің бес облысында үсік жүретінін хабарлаған еді. Комитеттің мәліметінше, 11 мамырда түнде Шығыс Қазақстан, 12 мамырда түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында 1-6 градус суық болады.

Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК өкілдерінің мәліметінше, Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалған. "Жауын-шашынның көп болуына және Алматы облысының таулы аудандарындағы қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты (3000 метр биіктікте) 10-11 мамыр аралығында қар көшкіні жүреді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети