Таяуда автобустарға арналған жолақ Алматының бірнеше көшесінде пайда болады

16 Маусым 2015, 10:01
0
Таяуда автобустарға арналған жолақ Алматының бірнеше көшесінде пайда болады - © Аutomag.kz
© Аutomag.kz

Таяуда автобустарға арналған жолақ Алматының бірнеше көшесінде пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса" басылымына сілтеме жасап.

Алматының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, келесі кезекте Солтүстік айналма жолы тұр. Арнайы жолақ жайма базардың жанында пайда болады.

"Қазіргі таңда ол жерде дайындау жұмыстары жүріп жатыр, таяуда қоғамдық көліктер өз жолдарымен қатынайтын болады", - делінген жарияланымда.

Одан кейінгі кезекте "Орбита" ықшамауданы тұр. Бұл аумақтан басталатын арнайы жолақ Мұстафин көшесімен Жандосов, Тимирязев және Сейфуллин даңғылына дейін созылады. Бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Автобустарға арналған жолақ Райымбек даңғылында да пайда болуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда автобустарға арналған жолақпен жүрген жеке автомобиль жүргізушілеріне айыппұлдың салына бастағаны хабарланған болатын. Полицейлердің айтуынша, Абай даңғылында орнатылған камералар автобустарға арналған жолақпен жүрген автомобильдерді түсіріп алып отырады. Жол ережесін бұзған жүргізушілер 5 пен 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай