04 қазан 2016 12:54

"Тайбурыл" шәкіртақысының иегерлері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Тайбурыл" шәкіртақысының иегерлері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқауды ұйымдастырушылардың сайтына сілтеме жасап. 


"Тайбурыл" шәкіртақысының иегерлері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқауды ұйымдастырушылардың сайтына сілтеме жасап. 

"Тайбурыл" қоғамдық қорының шәкіртақыларын 100 студент жобаның әкімшісі арқылы алатын болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың жеңімпаздарына 5 ай бойы 30 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі, яғни 2016 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін студенттер шәкіртақы алып тұрады.

Байқаудың жеңімпаздарын комиссия анықтады. Комиссияның құрамында комиссия төрғасы "Алматы қаласы кәсіпкерлер ассоциациясының" кәсіпкерлікті дамыту бойынша директоры Ерік Біржанов, "Астана Medical" ЖШС директоры Аслан Кұнияров, "Delta consulting group" ЖШС директоры Нұрлан Кұракбай, "Interlog Multimodal" ЖШС бас директоры Дәурен Бимов пен "Тридэ" ЖШС директоры Руслан Ысмагұлов болды.

Сондай-ақ, демеушлілердің көмегімен тағы 11 студен байқаудың жеңімпазы аталды. Олар да бес ай бойы "Taiburyl" қоғамдық қорынан шәкіртақы алады. Айта кетейік, шәкіртақыға ие болған студенттердің жалпы саны - 111. Жеңімпаздардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети