28 қараша 2014 12:41

Театр сыншысы Әшірбек Сығай қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әшірбек Сығай Әшірбек Сығай

Белгілі театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығай 67 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Белгілі театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығай 67 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол 1947 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келді. Әшірбек Төребайұлы қазіргі Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 1969 жылы бітірген.

Әшірбек Сығайдың өнерге сіңірген еңбегі қазақ мәдениеті, әсіресе қазақ театры алдында үлкен құрметке ие. Қазақтың біртуар тұлғасы әр жылдары Мәдениет министрлігінде жұмыс істеді, кейін Алматыдағы қазіргі Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында ұстаздық етеді. Ол - қазақ драматургиясына арналған "Іңкәр шақ", "Сыр сандық", "Сахнаға сапар", "Жарнама алдындағы ой", "Сахна саңлақтары", "Театр тағылымы", "Толғам", "Талдықорған театры" атты еңбектердің авторы. Қаламгер әлем драматургтерінің пьесаларын қазақ тіліне аударды, олар республикамыздың театрларында сахналанды.

Әшірбек Сығай 2000 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды, 2004 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети