21 ақпан 2018 13:10

"Тегін пәтер болмайды" - Бауыржан Байбек жалдамалы баспананы кімдердің ала алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуі барысында қаладағы қолжетімді жаңа тұрғын ұй құрылысы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуі барысында қаладағы қолжетімді жаңа тұрғын ұй құрылысы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Былтыр "Нұрлы жер" және тағы басқа тұрғын үй бағдарламалары бойынша 5 885 отбасы пәтер алды. 15 жыл уақыт бөліп төлейді, яғни, ешбір пайызсыз. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Кезекте тұрған әрбір үшінші адам пәтерге ие болды", - дейді Алматы әкімі.

"Біз пәтерлердің шаршы метрінің бағасын төмендетіп жатырмыз. (...) Сол себепті бізге тұрғын үйлерді жеке инвестициялардың есебіне салу керек. Ал пәтерді ала алмаған адам кезекке тұрып, жалдамалы баспана алса болады. Мысалы, отбасы пәтер жалдап тұрып жатқан болса, енді сол ақшаны олар өздерінің жеке пәтеріне төлеп, оны 7 жылдан кейін ғана сатып ала алады. Бұл дегеніміз мемлекет тарапынан берілетін пайызсыз несие. Тегін пәтер болмайды, барлығы қайтарылмалы негізде жүзеге асырылады", - деді Бауыржан Байбек.

"Менен тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұру керектігі жайлы жиі сұрайды. Кезекке жай тұра салуға болмайды. Яғни, ол әлеуметтік осал топқа жататыны жайлы, жалақысы төмен екенін немесе көп балалы отбасынан, не болмаса мүмкіндігі шектеулі екені жайлы анықтама әкелуі тиіс. Осы бағдарламалар бойынша тек осы дәрежедегі адамдарға баспана беріледі. Пәтер алғандардың үштен бір бөлігі мұғалімдер мен дәрігерлер болса, тағы үштен бір бөлігі - әлеуметтік әлсіз топтардың өкілдері. Ал жетім балаларға 175 пәтер берілді. Меніңше, бұл үлкен қолдау, осы отбасылар үшін үлкен бақыт. Осы орайда біз осы бағдарламаларды кеңейтетін боламыз", - деді Алматы әкімі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы әкімі баспананың арзандайтынын айтқан еді.

"(...) Бағалар төмен түсе бастайды. Бүгінде төртінші деңгейдегі баспана санын көбейтуді жоспарлап отырмыз, бағаларды нарық реттейді. Сондықтан бұл мәселеге байыпты қараңыздар. Инвесторлар іздейміз, ескі пәтерлерде тұратындар жаңа үйге көшу үшін барлық жағдай жасаймыз. Тұрғындар бізге қолдау білдіргені жөн", - деген еді Алматы әкімі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети