“Темекімен күйдіріп, аяғын сүйгізген“. 16 жастағы қызды қорлаған екі әйел сотталды

“Темекімен күйдіріп, аяғын сүйгізген“. 16 жастағы қызды қорлаған екі әйел сотталды Бейнеден кадрлар

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйелге қатысты үкім шықты. Жәбірленушінің анасының айтуынша, олар жасөспірімді қызғаныштан еркінен тыс ұстап, соққыға жыққан, денесін темекімен күйдіріп, аяғын сүюге мәжбүрлеп, қорлаған. Істің мән-жайы мен тағайындалған жаза туралы толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Алматы облысында 16 жастағы қызды азаптаған екі әйелге қатысты үкім шықты. Жәбірленушінің анасының айтуынша, олар жасөспірімді қызғаныштан еркінен тыс ұстап, соққыға жыққан, денесін темекімен күйдіріп, аяғын сүюге мәжбүрлеп, қорлаған. Істің мән-жайы мен тағайындалған жаза туралы толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Не болды?

2025 жылғы қыркүйекте Алматы облысында 16 жастағы бойжеткенді ұрлады және оны қорлады деген күдікпен екі әйел ұсталды.

Жарнама
Жарнама

Полиция мәліметінше, күдіктілер жасөспірімді үйінен алдап шығарып, күштеп ұстаған. Екі әйел де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқиғаға күдіктілердің бірінің қызғанышы себеп болған.

Мән-жайы

Анасының айтуынша, қыз бала телефон арқылы өзіне жоғары оқу орнына түсу мәселелері бойынша кеңес берген ер адаммен танысқан. Бейнеқоңыраулардың бірінен кейін оған бейтаныс әйел хабарласып, өзін оның қалыңдығы ретінде таныстырған.

Анасының айтуынша, әйел араласуды тоқтатуды, оның нөмірін бұғаттауды және мұны растайтын скриншот жіберуді талап еткен. Қыз оның өтінішін орындаған.

Алайда келесі күні әйел оқушы қызбен қайта хабарласып, сөйлесу үшін кездесуді ұсынған. Ол жасөспірімнің үйіне құрбысымен бірге келіп, қыз олардың көлігіне мінген.

"Алдымен әйел оның телефонын алып, жазысқан хаттарын тексере бастаған. Содан кейін бетінен ұрып, шашынан ұстап алған", – дейді анасы.

Әйелдің айтуынша, мұнымен қорлық аяқталмаған. Қызының қол-аяғын темекімен күйдіре бастаған, содан кейін оны өзен жағасына апарған.

Анасының сөзінше, ол жерде шабуыл жасағандардың бірі бойжеткенді соққыға жығуды жалғастырып, бірнеше рет басын суға батырған және аяғын сүюге мәжбүрлеген. Осы жағдайдың бәрін екінші әйел видеоға түсіріп тұрған. Кейін олар кәмелетке толмаған қызға қатысты таяқ қолданып, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, деп мәлімдейді зардап шегушінің анасы.

Қорлық көрсеткеннен кейін жасөспірімді үйіне жеткізген. Оны босатар алдында әйелдер егер ол болған жайтты біреуге айтатын болса, түсірілген видеоны таныстарының арасында таратамыз деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Полицияға арыз бірден жазылған жоқ

Болған жайттан кейін, анасының айтуынша, қызы басынан өткерген оқиғаны айтуға ұзақ уақыт бойы қорыққан. Ол тек өзін соққыға жыққанын айтып, тыныштандыратын дәрілерді жасырын ішіп келген.

Біраз уақыттан соң бойжеткен анасына басынан өткен жайттың бәрін айтып берген. Бұдан кейін әйел полицияға жүгінді.

"Полиция кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілердің екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады сол кезде полиция.

Іс қалай аяқталды?

Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, кәмелетке толмаған баланы қорлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды:

  • 110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша - "Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған қинау";
  • 121-баптың 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша - "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".

2025 жылғы тамызда күдіктілер қамауға алынды. Ал желтоқсанда айыптау актісімен бірге іс сотқа жолданды.

"Қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігін қадағалаушы прокуратура тексерді. Сотта қылмыстық істі қарау нәтижесі бойынша 2026 жылғы 5 ақпанда олар Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", – деп хабарлады ІІМ.

Бұл ретте сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы бап алынып тасталды. Сот сотталушылардың іс-әрекетінде аталған қылмыстық құқықбұзушылық құрамы жоқ деген қорытындыға келген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама