"Темір Гена" авторы екі аяғынан айырылған қызға көмектесу үшін картинасын сатып жатыр

19 Маусым 2017, 15:06
0
"Темір Гена" авторы екі аяғынан айырылған қызға көмектесу үшін картинасын сатып жатыр -

"Темір Гена" авторы екі аяғынан айырылған қызға көмектесу үшін картинасын сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін сурет авторы Алмат Талғатбекұлы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында үш метр болатын суретті салуға 45 күн және 50 мың шеге жұмсағанын айтқан еді. Боксшы бейнеленген суреттің салмағы 150 келі болған. 

Суретші картинасының сатылатыны жайлы Facebook желісінде жазды. 

Азамат Талғатбекұлы неге мұндай қадамға барғанын түсіндіріп берді. Айтуынша, бастапқыда ол дайын болған суретті сатқысы келмеген, бірақ кейін ол Алматыда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қызға көмектесуге ақша табу үшін сатуды ұйғарған.  

 "Бастапқыда картинаны тіпті сатқым келмеді. Кейін сатып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ұйымдастыру туралы ой келді, сол көрмеде басқа да еңбектерімді көрсетер едім. Бірақ таяуда жол апатынан бір қыздың зардап шеккенін, оның екі аяғынан айырылғанын білдім", - дейді суретші. 

"Екі аяғы жоқ көршім бар, күн сайын мүгедектер арбасында отырғанын көремін. Ал мына жағдайды білген соң картинаны сатудан түскен қаражаттың қайырымды іске жаратылуы дұрыс деп ойладым. Әрине, картинаны үйіме де қойып немесе сатып жіберіп байып алуыма да болар еді. Бірақ қайырымды іс жасай аламын ғой - бұдан не жоғалтамын? Картина дайын болды, дайын тұр. Адамдарды қайырымды іс жасауға үйреткенім емес, мұндай іс жасауға болатынын көрсеткім ғана келеді", - дейді ол.

Айтуынша, түскен қаражаттың жартысын зардап шеккен қызға көмек ретінде береді екен Ал қалғанына Азамат Талғатбекұлы келесі туындыларына материал алмақшы. 

"Ақшаны жақын туыстарының қолына тапсырамын. Қалғанына сурет салуға қажетті құралдар аламын. Қазір мен тағы бір картина дайындап жатырмын, қайғылы оқиға болса тағы да көмектесуге дайынмын. Мұндай жағдай кез келген адамның басына келуі мүмкін. Сондықтан мұнымды дұрыс шешім деп есептеймін. Оның үстіне, картинаның материалдарына 200 мыңнан аса қаражат кетті. Осы соманы шығарып алсам, жаңа туындыларыма материал аламын. Ақша көп қажет емес, отбасым жоқ, сурет салумен ғана айналыссам деймін", - дейді Алмат Талғатбекұлы.   

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі қыз да ауруханада ауыр халде жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай