23 қазан 2014 21:10

Темірлан Сәндібаевты іздеу кезінде кішкентай баланың мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Ақтөбеде Темірлан Сәндібаевты іздеу кезінде кішкентай баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Іздеуге қатысқан еріктілердің айтуынша, шамамен бес жасар баланың денесі қала ауданындағы өзеннен табылды. Олардың ойынша, ол Темірлан Сәндібаев болуы мүмкін. Полиция әзірше пікір білдірмей отыр.


Ақтөбеде Темірлан Сәндібаевты іздеу кезінде кішкентай баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Іздеуге қатысқан еріктілердің айтуынша, шамамен бес жасар баланың денесі қала ауданындағы өзеннен табылды. Олардың ойынша, ол Темірлан Сәндібаев болуы мүмкін. Полиция әзірше пікір білдірмей отыр.

Айта кетейік, бала осы жылдың 10 қазанында жоғалып кеткен. Ол Өтемісов көшесі бойындағы №167 үй маңында ойнап жүрген. Анасы оны үй ауласына ойнауға жіберіп, сосын 15 минутқа үйге кіріп кеткен. Аулаға қайта шыққан ол баланы таппаған. 

Баланы іздеуге полицияның 1500 қызметкері, 800 студент және 100 әскери қызметкер жұмылды. Жоғалған күні Темірлан Сәндібаевтың суреті қалаға түгелдей ілінді. Адамдар көп жүретін жерлерді полицейлер қарап шықты, мегафон арқылы баланың жоғалғаны жайлы хабарлады. Волонтерлер әлеуметтік желілер арқылы бір-бірін тауып алып, іздеуге қосылды. Темірлан Сәндібаевтың туыстары баланы іздеуге көріпкелдерден көмек сұрады. 

"Адам ұрлау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті билік өкілдері қаланың барлық мектебінде оқитын балалардың ата-аналарына ескерту жіберілгенін мәлімдеді. "Сағат 18-ден кейін ата-ана қарауынсыз тіпті жоғары сынып оқушылары да көшеде болмауы керек", - дейді қалалық білім бөлімінің жетекшісі Ләззат Оразбаева.

Отбасында Темірлан үш баланың кенжесі. Ағасы колледжде оқиды, әпкесі жетінші сыныпта, ал өзі осы жылы нөлінші сыныпқа барды. Баланың ата-анасы оның денсаулығы жақсы, аман-есен оралатынына соңғы уақытқа дейін сенді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети