Теміртау тұрғыны аман қалу үшін аяғын сындырған

24 Шілде 2018, 20:28
0
Теміртау тұрғыны аман қалу үшін аяғын сындырған -

Теміртау тұрғыны өндірісі кезінде болған төтенше жағдай кезінде өмірін аман алып қалу үшін, аяғын сындырған. Аяғынан айырылған ер адам басынан өткен оқиғасын баяндап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Виталий Саврейдің жасы 25-те. Ол Қарағанды облысы Ақтау ауылының тұрғыны. 6 жыл бұрын Виталий қайғылы жағдай салдарынан бір аяғынан айырылған. Ол Аұтау цемент зауытына мердігер "ОСМК" ұйымына монтажник болып жұмысқа кірген, алайда небәрі 10 күн ғана жұмыс істеп үлгерген. Кезекшіліктердің бірінде оның аяғын иірмекті тасымалдауыш тартып кеткен. 

"Мен шашылған цементті жинап жүргенмін. Маған люкті аш деген бұйрық келді, мен аштым. Тазалау жұмыстары аяқталған сәтте иірмек жұмыс істеп тұрды. Өзім ашқаннан кейін, өзім жабуға бардым. Болмады, мен үстіне шықтым. Жарық тым нашар еді. Мен аяғыммен басып кеттім. Сол кезде аяғымды сындырудан басқа ештеңе қалмады. Бар салмағыммен сол бүйірге бастым. Сүйек сынып, еті жұлынып кетті. Аяғымнан айырылдым. Үш күн жансақтау бөлімінде жаттым, Қарағанды мен Теміртау ауруханаларында бір жыл емделдім", - дейді Виталий Саврей.

Виталий сақтандыру өтемақысы ретінде - 2 миллион 427 мың теңге алған. Жұмыс беруші оның еңбекке жарамсыз болуына байланысты жұмысқа шықпаған күндері үшін тқлемақы жасаған, жұмысқа орналасуға не оқуға түсуіне жәрдемдесетінін уәде еткен. Кейін ол өз сөзінен бас тартқан. Виталий жұмыс берушісін сотқа берген. Судья "ОСМК" ЖК Саврейге 1 миллион 663 мың теңге материалдық және моральдық өтемақы төлеу шешімін шығарған, сондай-ақ өмір бойы зейнетақы төлеуі тиіс - аяына шамамен 43,5 мың теңге. 

Аяғынан айырылған Виталий Саврей өмірін қайта бастамақшы. Ол бассейнде жүзіп, бір аяқпен велосипед тебуді үйренген.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай