11 мамыр 2016 11:59

Tengrinews.kz Панфилов дивизиясының ерлігі туралы үздік жұмысқа байқау жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Almaty.tv © Almaty.tv

Жеңіс күніне орай Тengrinews.kz Панфилов дивизиясының ерлігін еске алуға арналған жобаны іске қосты. Жобаның мақсаты - 28 панфиловшылар шайқасының тарихын қаралауды тоқтату, сонымен қатар дивизия жайлы және оған қатысқан жауынгерлер туралы айтылмаған деректерді көпшілікке жеткізу. Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады.


Жеңіс күніне орай Тengrinews.kz Панфилов дивизиясының ерлігін еске алуға арналған жобаны іске қосты. Жобаның мақсаты - 28 панфиловшылар шайқасының тарихын қаралауды тоқтату, сонымен қатар дивизия жайлы және оған қатысқан жауынгерлер туралы айтылмаған деректерді көпшілікке жеткізу. Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады.

Біз оқырмандарымызға Волоколамск маңындағы шайқаста, Мәскеуге бағыт алған неміс басқыншыларының шайқасындағы дивизияның ерлігін зерттеуге ұсыныс жасаймыз. Зерттеудің тақырыбы Панфилов дивизиясына байланысты болуы қажет: дивизияның құрамы, Дубосеков маңындағы шайқас, шайқаста қаза тапқандар жайлы, сонымен қатар, тірі қалған панфиловшылар туралы да ақпарат болуы керек. Зерттеу жұмыстары жеке құжаттар түрінде немесе мемлекеттік мұрағаттардан алынып, жауынгерлердің жақындары айтып берген деректерден немесе суреттерден құралуы мүмкін.

Байқауға жұмыстар 2016 жылдың 9 мамырынан 2017 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады. Арнайы комиссия ең үздік жұмыстарды таңдап, авторлар ақшалай жүлдеге ие болады. Бірінші орынға - 1,5 миллион теңге, екінші орынға - 1 миллион теңге, ал үшінші орынға 500 мың теңге беріледі. Ең үздік жұмыстар Tengrinews.kz сайтында жарияланады.

Оқырмандар өздерінің жұмыстарын 28panfilovtsevtn@gmail.com поштасына жібере алады. Байқауға өтініш толтырғанда жіберушінің аты-жөні мен қызмет орны (пошталық мекенжай мен телефон номері) міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Жауынгерлердің жақындары берген сұхбат және басқа да ақпараттар аудио немесе видеоматериалдар түрінде бірге жіберілуі қажет. Мәтін Word үлгісінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде қабылданады. DVD форматындағы видеоматериалдар 1280х720 рix көлемінен аспай, ал видеороликтердің ұзақтығы 30 секунд пен 30 минут аралығында болуы қажет. Фотоматериалдар JPG форматында беріледі. Бір автордың атынан тек бір жұмыс қабылданады. Ал топтық жұмыстар жетекшінің аты көрсетілген жағдайда қабылдана береді. Байқаудың жеңімпазын анықтау мақсатында мыналар ескеріледі: зерттеудің тақырыбы мен мақсатының байқауға сәйкес келуі, материалдарды кәсіби тұрғыда дайындау деңгейі, автордың Панфилов дивизиясының ерлігін осы материалда көрсете алуы, мұрағаттан және тарихтан алынған дереккөздерін қолдануы, шайқасқа қатысқан жауынгерледің туыстары мен жақындары айтқан естеліктері, сонымен қатар автордың материалды барынша түсінікті және қызықты етіп жеткізуі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети