1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Тергеу жүріп жатыр" - "Эйр Астана" жолақтан шығып кеткен ұшақ туралы22 мамыр 2018, 17:26

Сурет facebook.com/ААК Сурет facebook.com/ААК

"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен ұшаққа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"22 мамырда Астана әуежайында Шымкент - Астана KS352 рейсіндегі "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. 88 жолаушы мен 9 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта әуе компаниясы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр", - дейді әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мұның алдында Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, Астана әуежайында "Эйр Астана" әуекомпаниясының Шымкент - Астана KS352 рейсінің Airbus-320 ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткені хабарланған. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген.

Кейін әлеуметтік желіде ұшақтың ұшып-қону жолағынан шығып кеткен сәті түсірілген видео жарияланды.