11 маусым 2016 13:26

Терроризмге, экстремизмге қарсы әрбір адам күресуі тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі © Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі

Терроризмге, экстремизмге қарсы әрбір адам күресуі тиіс. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Назарбаев университетінің түлектеріне диплом беру сәтінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Терроризмге, экстремизмге қарсы әрбір адам күресуі тиіс. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Назарбаев университетінің түлектеріне диплом беру сәтінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл сайын әлемде этносаралық, конфессияаралық және әлеуметтік негіздегі әскери қақтығыстың 30-дан астам ошағы пайда болады. Дәл сондай елдерде мемлекеттерді талқандап, апат әкелетін терроризм мен экстремизмнің туындауына қолайлы жағдайлар қалыптасады. Алла бізді мұның бәрінен құтқарды. Осы орайда біз әлемді өз жетістіктерімізбен, болашаққа деген үлкен жоспарларымызбен таңғалдырдық. Бұл үшін тұрақты ел, мемлекет керек. Бірақ ол қазақстандықтарға байланысты. Әсіресе, жастар, сіздерге", - деді ол Назарбаев университетінің түлектеріне қарап.

"Сіздер бірнеше күн бұрын Ақтөбе қаласында террорлық шабуыл болғанын білетін боларсыздар. Бұл өз халқына қарсы жасалған қылмыс. Жас полицейлердің, әскерилердің батырлығы еліміздегі жастарға үлгі болды. Олар елдегі тыныштықты қалпына келтірді. Бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік - Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтары. Егер бұлар болмаса, ұлтымыздың болашағы да болмайды. Осыны естен шығармауларыңыз керек", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы терроризмге, экстремизмге қарсы әрбір адамның күресуі тиіс екенін айтты.

"Бұған қарсы тұру үшін сіздер білімді болуларыңыз және мұндай жағдайларды саралай білулеріңіз қажет. Мұнда сіздер ғылымды, технологияны дамытып жатырсыздар. Сіздер жағымсыз жағдайға қарсы тұра алатын азамат болуларыңыз тиіс. Сіздер өз еліңіздің патриоты болуларыңыз керек", - деп сөзін қорытындылады Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети