19 қаңтар 2022 12:18

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көше жабылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көшені жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полиция қызметкерлері терроризмге қарсы операцияға байланысты кейбір көшені жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Терроризмге қарсы операция жүргізілуіне байланысты 19 қаңтарда мына учаскелерде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады:

  • Абылай хан даңғылы бойынша Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағыттарда;
  • Төле би көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді және жол ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети