08 тамыз 2018 15:35

THT-Comedy, Боец және Russia Today TV. Елімізде қай арналар көрсетілмеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда бірнеше телеарнаға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда бірнеше телеарнаға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, "Теледидар және радио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (18-1-бап) 2017 жылы енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратын барлық шетелдік теле- және радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны тіркеуге немесе өкілдігінің (филиалының) тіркеуге міндетті.

"Аталған Заң өз күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енгендіктен шетелдік теле-, радиоарналар алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) ағымдағы жылдың 9 шілдесіне дейн тіркеуге міндетті болған", - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 307 шетелдік теле- және радиоарналардың тіркелгені, олардың 219-ы өз өкілдіктерін ашқаны, ал 88-і ашпағаны айтылады.

Қазақста  аумағында өз өкілдіктерін ашпаған телеарналар тізімінде Киносоюз, THT-Comedy, НТВ-ПЛЮС 3D, КИНОЛЮКС, RU.TV, Дождь,  Джей Си Ти Ви, Universal Channel және тағы басқалары бар.

Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың басынан бастап министрлік өз өкілдіктерін ашпаған, шетелдік теле- және радиоарналардың иелерімен өз қызметін Қазақстан заңнамасы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастыруға қызығушылық танытатын шетелдік теле- және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында министрліктің 88 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрықтарды әзірлегенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети