13 желтоқсан 2014 10:33

Тимур Құлыбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мемлекеттік марапатқа ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет - Владимир Дмитриев Сурет - Владимир Дмитриев

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ел азаматтарының бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, - деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz.


Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ел азаматтарының бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, - деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Отан" орденімен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов, Қарағанды облысының "Шахтерское" ЖШС директоры Георгий Прокоп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, І дәрежелі "Барыс" орденімен - "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС президенті Владимир Ким және  "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" ЗТБ төрағасы Тимур Құлыбаев, ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен - Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Абай Бисембаев, "Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы" ЖШС директоры Сейітхан Жошыбаев, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі Есмұқан Обаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов және басқалар, ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен - Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Ғани Қалиев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының бас ғылыми қызметкері Аманжол Қошанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Рәбиға Сыздық марапатталды.

"Парасат" орденіне кинорежиссер Сергей Әзімов, жазушылар Әлібек Асқаров пен Мархабат Байғұт, Жамбыл облысы "Луговой жылқы зауыты" ЖШС директоры Халит Базаралиев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, композитор Кеңес Дүйсекеев, суретші-гобеленші Бәтима Зәуірбекова, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Игорь Лебедев, "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев,  "Алтын-Диірмен" корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Әділмырза Маралов және басқалар ие болды.

Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов және Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әбдуәли Қайдар І дәрежелі "Достық" орденінің иегерлері атанды. ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталғандар қатарында жазушылар Герольд Бельгер мен Дулат Исабеков, "Днепро" украин мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко, "Невада - Семей" Халықаралық антиядролық қозғалысы Қарағанды филиалының төрағасы Марғұлан Хамиев бар.

Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі "Құрмет" орденімен атап өтілді, олардың арасында "Гүлдер" мемлекеттік эстрадалық-би ансамблінің әншісі Фарида Абаханова, Павлодар облысы "Табыс" шаруа қожалығының басшысы Манат Алғамбаров, Қостанай облысы "Милх" ЖШС бас директоры Сергей Блок, "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ Ақтөбе протездік шеберханасының шебері Владимир Верховодов, Астана қаласы "№ 2 қалалық аурухана" МКК бас дәрігері Мақсат Жантұрғанов, "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары Еркін Жаппасұлы, "Қазақ спорт және туризм академиясы" АҚ президенті Қайрат Закирьянов, эстрада әншісі Гүлбаршын Тергеубекова және басқалар бар.

Әскери және қызметтік бор­ы­шын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, ІІ және ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ер­лігі үшін" медальдарымен марапатталды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым, мә­дениет және әлеуметтік са­ланың 48 көрнекті өкіліне берілді, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 306 адам ие болды. Марапатқа ие болған тұлғалардың тізімі жергілікті баспасөздерде жарияланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети