Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ТЖД басшысы Талғардағы жағдайдың тұрақты екенін хабарлады

25 Шілде 2015, 18:14
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы облысы ТЖД басшысы Сәбит Битаев Талғар маңындағы жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Битаев ағыстың үлкеюі жаңбыр мен таудағы мұздықтардың қозғалуынан болғанын айтты. Жағдай тұрақты. Оның айтуынша, бөгет сегіз миллион текше метр суды ұстай алады. Қазір ағыс шығыны 29 текше метр.

Жергілікті тұрғындар су деңгейінің әдеттегіден сәл жоғары екенін айтты. Иммаратқа жақын жерлер бірнеше уақыт қоршауға алынған. 17.30-дан бастап жол қайта ашылды.

Бөгеттен төменгі жақ.

Ақпараттық және психологиялық көмек беру үшін Алматы облысы ТЖД тұрғындарға арнап "жедел телеофон желісін" іске қосты: 8-7282-22-04-60. Ол үшін департамент Өртке қарсы қызмет пен ТЖД, авариялық құтқару қызметінің психологтары мен медицинадық қызметкерлері жұмылдырды.

Осыған дейін Талғар өзенінің жоғарғы жағында тұратын адамдарды эвакуациялау басталғаны хабарланған болатын. Өзеннің гидропосттан төменгі ағысында шығын секундына 27 текше метр болды. Айта кетейік, қауіпті шығын - секундына 45 текше метр. 

Сонымен қатар, тұрғындарға гидрологиялық иммараттан су тасқыны болатыны жөнінде SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр. "25.07.2015ж. Алматы обл., Талғар аңғарында жаңбырлы сел болу қаупі бар", - деп жазылған хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай