16 желтоқсан 2016 23:19

Тікұшақпен қонатынбыз - Жақсыбеков Ақорданың орнындағы ми батпақ жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың экс-әкімі, ал қазір Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "Хабар" телеарнасындағы "Тәуелсіздік тағылымы" бағдарламасында Ақорда орнында болған ми батпақ жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың экс-әкімі, ал қазір Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "Хабар" телеарнасындағы "Тәуелсіздік тағылымы" бағдарламасында Ақорда орнында болған ми батпақ жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз осы жобаға (Астанаға - Авт.) сенген, қалаған және көре білген жалғыз адамсыз. Қазір қалаға шықсам, сол жағалаудың дала болғанын еске аламын. Дала емес, ми батпақ еді. Қазіргі Президент резиденциясы - Ақордаға бірінші рет барғанымызда тікұшақпен қондық, себебі көлікпен бару мүмкін болмады. Шөп-шалаң өсіп кеткен, лай еді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев "Осында көше болады, мына жерде мынау болады, мынаны жасауымыз керек..." деп жатты. Мен, әрине, бас изедім, бірақ сенбеген едім", - деп еске алды Жақсыбеков. 

Астананың бұрынғы әкімі жаңа қалаға бизнестің қалай тартылғанын, дүкендер мен жанармай құю бекеттерінің қалай салынғанын айтып берді.

"Қалада түнек болған, жанармай құю бекеттері ғана жарықтандырылды. Өз есебінен! Барлық жерде жанармай құю бекеттері болғандығының есебінен қала жарық болды", - деп еске алды Президент әзілдеп.

Мемлекет басшысы елорданың қатқыл ауа райы жайлы айтты. "Сосын бізде аяз қатты, қалпағыңды ғана емес, адамның өзін ұшырып әкетеді. Мұнда қандай масалардың барын білесіздер ме", - дейді Президент.

"Бір кезде біз оны күтіп алуымыз керек болды. Астанада боран тұрып тұр, Президент болса шетелден сапардан орала алмады, әуежай жабық. Президент Көкшетауды қонып, оны көлікпен жеткізуге келістік. Техника алдық, тракторлар бар, сөйтіп, Президентті қарсы алуға шықтық. Кейін теміржолды тазалап, пойызбен оралдық. Күтіп алып жатырмыз, қанша уақыт ұшып, аязда, боранда қалғанына ұрысатын шығар деп ойладық. Көңіл-күйі жақсы болмайтын шығар дестік. Ол шықты да, "Не, жел соғып тұр ма?" дді. Әріптестер болса Алматыға кеткісі келіп тұр, сөйтіп, көңіл-күйіміз болмай, "Иә, соғып тұр, суық!" дедік. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы айтады: "Енді тыңдаңыздар, жақсы соғып тұр ғой, әдемі, Астанада қандай жақсы ауа!". Бәріміз қолдап, сөйлей бастадық", - деп жалғастырды Жақсыбеков сөзін.

Сондай-ақ, Қазақстан Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарлама барысында Астанаға көшіп келген кезіндегі қызықты жағдайды еске алды. Сол уақытта Жақсыбеков Астана әкімі болып тұрған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети