20 тамыз 2015 08:13

ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке орала алмайды - сот

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке орала алмайды. Бұл туралы Астана қалалық сотының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспанов мемлекеттік қызметке орала алмайды. Бұл туралы Астана қалалық сотының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Астанадағы соттың кассациялық сот алқасы жоғары лауазымда болған шенеунікке қатысты істі қарады. Мұрат Оспановтың адвокаттары кассациялық шағым келтірген болатын. Адвокаттардың, прокурордың сөзін тыңдап, іс материалдары мен шағым-талаптарды қараған кассациялық сот негізгі үкімді өзгеріссіз қалдырды, оның ішінде айыппұл төлеу туралы тармағы да бар.

Сонымен қатар, кассация Оспановтың қосымша үкімін, яғни өмір бойына мемлекеттік қызметте белгілі бір функцияны атқару құқығынан айыру туралы тарауын қарады. Бұған себеп Оспановтың қылмысты 2014 жылдың маусымында жасалғаны себеп болып отыр. Ал бұл уақытта ҚР Қылмыстық кодексі басқа еді және бұл қылмыс үшін қосымша жазалаудың максималды көлемі белгілі бір қызметте 7 жылға дейін қызмет атқарудан айыру болған. Ал мемлекеттік қызмет пен жергілікті басқаруға байланысты өмір бойына құқықтан айыруды қарастыратын жаңа заңнама 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 

Осыған байланысты кассациялық алқа сотының Оспановқа шыққан үкімі қосымша жазалау бөлігінде өзгерді. Нақтырақ айтсақ, кассациялық соттың шешіміне сәйкес, ол мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және жергілікті басқару органдарында 7 жылға дейін қызметте болу құқығынан айырылды. "Назарларыңызды "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға сәйкес, Оспановтың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлға ретінде бұдан кейін мемлекеттік қызметке орналаса алмайтынына аударғымыз келеді", - деп атап өтті соттағылар. 

Еске салайық, сот биылғы ақпанда Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі жаза кескен болатын. Бұдан кейін осы жылдың наурыз айында Мұрат Оспановқа айыппұлды алты айға бөліп төлеуге міндеттеме қойылды. Бұл шешімді Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты шығарды, сотталушының адвокаттары бөліп төлеу туралы өтінішті осы сотқа білдірген. Ал бұдан кейін ТМРА экс-төрағасы Мұрат Оспановтың 250 миллион теңгеден аса айыппұлды төлегі белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети