28 ақпан 2017 12:58

Тінікеев Сәпиевтің депутат болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы депутат Мұхтар Тінікеев Серік Сәпиевтің Мәжіліс депутаты болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы депутат Мұхтар Тінікеев Серік Сәпиевтің Мәжіліс депутаты болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, мен Мәжіліс құрамында Қарағанды өңірінің өкілі болатынына қуаныштымын. Екіншіден, Серіктің әкесі - Жора аға (біз оны солай атаймыз) 40 жылдан аса шахтада жұмыс істеді. Оны шахтерлар құрметтейді, тек шахтерлар емес, сондай-ақ, қазақстандықтардың барлығы оған құрмет көрсетеді. Қазір Серікке кішкене қиындау болуы мүмкін, бұл рингте өнер көрсету емес қой. Бірақ меніңше, ол бұл жұмысты алып кете алады. Бастысы жүйелі түрде жұмыс істеу, рингтегідей бір әдісті ойлап тауып, министрлер мен шенеуніктерді "жұмысқа салу" керек", - деді Мұхтар Тінікеев.

"Парламент - сөз сөйлеу деген сөз. Бірақ халықтың барлығы Парламентте отыра алмайды ғой. Халық онда өз өкілдерін жібереді. Мен де Серіктің халықтың өкілі болғанын қалмаймын. Ол үшін өте қуаныштымын, депутаттыққа шенеунік немесе біздің өңірдегі жігіттердің бірі емес, Серіктің келгеніне қуаныштымын", - деді бұрынғы депутат.


© Мұхтар Тінікеевтің Twitter желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Мұхтар Тінікеевтің айтуынша, Серік Сәпиевтің депутат болып тағайындалуы дұрыс шешім. "Ол шахтердің жұмысы қандай екенін естіген болар. Егер де осы қызметке біздің өңірден басқа бір адамды жіберетін болса, қиындау болар еді. Біз онсыз да екі орынды (Мәжілісте - автор.)жоғалтып алдық. Теміртаудан Павлов, Қарағандыдан Чернов бас тартты. Біз сайлау болғанда екі орынды жоғалтып алдық, сосын мен үшінші болып кеттім. Тағы да айтқым келетіні мен өз еркіммен кеттім, өзім өтініш жаздым. Ешкім менен кетуімді сұраған жоқ", - деді Тінікеев.

Сондай-ақ, бұрынғы мәжілісмен саясат пен биліктің жас депутат Сәпиевке кері әсер етпейтінін айтып өтті.

Айта кетейік, бүгін, 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде "Нұр Отан" партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданған болатын. ОСК төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс еткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети