Тоқаев Valmont Industries компаниясының бас директорын қабылдады

11 Шілде, 09:33
4
Тоқаев Valmont Industries компаниясының бас директорын қабылдады - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Valmont Industries компаниясының президенті, бас директоры Cтив Каневскиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіп саласына мамандандырылған компаниямен өзара тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Cтив Каневски Valmont Industries компаниясының бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Америкалық кәсіпкер Қазақстан Орталық Азиядағы барлық мүдделі құрылымдарға кәсіпорынның қызметін ұсыну үшін көпір болатынына сенім білдірді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай