14 қараша 2019 | 12:35

Тоқаев: Ақмола облысының артықшылықтары көп

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласында Ақмола облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласында Ақмола облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Өңірде елеулі өзгерістер болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Екі жыл ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасымен 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді", - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 миллион гектар, соның 88 пайыз пайдаланылып отыр екен.

"Ауылдық елді-мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек", - деді Мемлекет басшысы. 

"Нұр-Сұлтан қаласындағы тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз ету керек. Ақмола облысының артықшылықтары көп. Ең бастысы, бұл аймақ Елордамен іргелес орналасқан. Бұл дегеніміз - үлкен нарық. Әкімдік осы бағыттағы жұмыстарды қолға алуы керек", - деді Қазақстан Президенті. 

"Бурабай және Щучье көлдерін батпақтан тазарту мәселесі өте өзекті. Біз Бурабайдың ғажап табиғатын өскелең ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін тиісті министрлікке мүдделі органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Тоқаев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети