16 сәуір 2015 20:36

Тоқаев Ауғанстан төңірегіндегі жағдайларға алаңдаушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Парламент Сенатының баспасөз қызметі ©Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат депутаттары Санкт-Петербургте ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат депутаттары Санкт-Петербургте ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы Ауғанстан Ислам Республикасының Волиси Джирга Ассамблеясы делегациясының басшысы Мохаммад Салех Сельджукимен кездесті. Тоқаев Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығының қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді. Парламент жоғарғы Палатасының басшысы Қазақстан Ауғанстанның қажетті экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқаны, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына жәрдем берілгені туралы атап өтті.

"Біз Ауғанстанда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орныққанын қалаймыз", - деді Тоқаев.

Сельжуки қаржылай және гуманитарлық көмек берілгені үшін Қазақстан Президенті мен Қазақстан халқына алғыс айтты және ауған студенттері үшін біздің еліміздің білім беру бағдарламасы жалғаса беретініне сенім білдірді.

Халықаралық саладағы күн тәртібін талқылай келіп, жүздесушілер Ауғанстан төңірегіндегі оқиғаларға орай алаңдаушылық білдірді. "Біз Ауғанстан айналасындағы жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. ҰҚШҰ қызметінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік басым бағыт", - деді Тоқаев.

Парламентаралық байланыстарға қатысты Сенат Төрағасы қазіргі жағдайда парламенттік дипломатияның зор рөл атқаратыны және Қазақстанның Ауғанстан Парламентімен ынтымақтастықты үдетуге мүдделі екенін айтты. 

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы барысында депутаттар ҰҚШҰ Кеңесі желтоқсан сессиясының шешімдерін және Ұйымның жауапты аймағындағы жағдайды талқылады, ҰҚШҰ-ға 2015 жылы Тәжікстан Республикасының төрағалық етуіндегі басымдықтарымен танысты, ҰҚШҰ ПА қысқы сессиясының нәтижелерін және ҰҚШҰ аясындағы парламенттік ынтымақтастықтың өзге де мәселелерін қарады.

Кеңес отырысында және ТМД ПАА жалпы отырыстарында қатысушы мемлекеттер парламенттерінің басшылары жиырмадан астам өзекті мәселелерді талқылады. Мерейлі мереке - Жеңістің 70 жылдығына "Отан қорғау жолында қаза болғандарды есте қалдыру туралы" және "Патриоттық тәрбие туралы" екі үлгі заң әзірленді. Сондай-ақ күн тәртібіне "Контрейлерлік тасымалдау туралы", "Аудиторлық қызмет туралы", "Мемлекеттік сектор ұйымдарындағы ішкі аудит туралы", "Еріктілік (волонтерлік) туралы" секілді маңызды үлгі заңдар, "Туристік қызмет туралы" үлгі заңның жаңа мәтіні, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің технологиялық лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети