29 шілде 2019 16:53

Тоқаев "Бәйтерек" басшысын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына холдингтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметі мен одан әрі даму жоспары туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Президентке "Бәйтерек" холдингінің "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуы туралы баяндады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік жағдайы төмен топтағы азаматтарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы, ШОБ-ты қолдау, елдің экспорттық әлеуетін және "қарапайым заттар" экономикасын дамыту, Қазақстанның Даму Банкі желісі бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі холдингтің атқарған жұмыстары туралы мағлұмат берілді.

Мемлекет басшысы холдингтің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнесті дамыту бойынша холдингтің қызметін жандандыруды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети