Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-на Мемлекеттік сапары аясындағы екінші күнгі бағдарламасына сәйкес Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Бейжіңдегі халық батырларының ескерткіші - үш қабатты обелиск, ҚХР ұлттық монументі. Оны XIX және XX ғасырларда Қытай революцияларында қаза тапқан батырлардың құрметіне салған. Монумент 1958 жылы салынған.
Бұл күндері Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайда жүр. Бұған дейін Қазақстан Президенті мен ҚХР көшбасшылары он құжатқа қол қойды.