Тоқаев Блумбергпен кездесті

23 Қыркүйек, 23:27
4
Тоқаев Блумбергпен кездесті - Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы Bloomberg ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Bloomberg ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін Bloomberg Жаһандық бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, Президент алдағы іс-шара жұмысына Қазақстанның атынан "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысатынын айтты.


Фото: akorda.kz

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергке Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, америкалық бизнесменді "Астана" халықаралық қаржы орталығымен белсенді ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Майкл Блумберг кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, қазақстандық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Майкл Блумбергті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай