10 маусым 2019 15:32

Тоқаев бірқатар президенттермен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты әрі қарқынды ілгерілету жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыратынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы қазақ-өзбек қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенімділік білдірді. 

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады. 

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін нақты айтты.

Сонымен қатар, президенттер алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети